Название «Шаңырақ сыны» атты жас отбасылар арасындағы байқау
Дата 11 мая 2012, Пятница
Время 14:00
Место Павлодар қаласы, Кутузов - 1 көшесі, «Шаңырақ» ОХШ мен МСҚ орталығы Қабылдау бөлімі; Факс: 68-03-00 Халық шығармашылығы бөлімі: 68-02-98 «Шаңырақ» орталығы Эл.пошта; Shanyrak_001@mail.ru
Описание события

Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен Отбасы күніне арналған «Шаңырақ сыны» атты жас отбасылар арасындағы байқау 2012 жылдың мамыр айының 11 күні сағат 14.00-де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында өтеді.

Байқаудың мақсаты:

Жас отбасылар арасында ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, адамгершілік пен имандылықты бойларына сіңіртіп, ұлтжандыққа баулып, өзінің тегін таныту. Облысымыздағы ынтымақтығы мен бірлігі, татулығы мен сыйластығы жарасқан жас отбасыларын жас ұрпаққа насихаттап, халыққа таныту мақсатында өтпек.

Байқаудың шарттары мен талаптары:

Байқауға әр ауданнан, қаладан 25 – 35 жас аралығындағы, 3-5 жыл жанұя құрған отбасылары қатыса алады.

Байқау 5 - бөлімнен тұрады:

1. «Сәлем сөздің - патшасы » - \таныстыру бөлімі /3 минут/

2. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - қолөнері жұмысын бейне фильмге түсіріп әкелу керек./ үй тапсырмасы\ \3 минут\

3. «Қызықты хикаялар» - \күнделікті өмірден алынған қызықты уақиғалардан көрініс көрсету 8-9 минут/

4. «Отбасым жайған дастархан» - /үй тапсырмасы-үйден шағын ұлттық немесе өз қалауы бойынша басқа ұлттың тағамдарын дайындап әкелу\ қысқаша, бейне фильмге түсіру \5минут\

5. «Шаттықты шаңырақ» - / өнер бөлімі-5 минут/ \отбасы барлығы қатысу тиіс\

Тапсырыс 2012 жылдың мамыр айының 5-не дейін қабылданады

1.Жеке төл құжаттары /көшірмесі/
2.Неке туралы куәлігі /көшірмесі/
3.Отбасы туралы мінездеме
4.Фото сурет\Отбасылары толық түскен\

Жеңімпаздарды марапаттау:

Жеңімпаздарды анықтау үшін арнайы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы отбасыларының мына қасиеттерін бағалайды:

- Сахналық киімі;

- Сахна мәдениеттілігі;

- Сөйлеу шеберлігі;

- Әдептілігі, тапқырлығы, отбасының ынтымақтығы;

- Қолөнері мен өнерпаздығы.

Номинациялар:

1. «Өнегелі отбасы»

2. «Ынтымақты отбасы»

3. «Өнерлі отбасы»

4. «Көрермендер көзайымы»

Байқауға қатысушы отбасылардың келетін жол шығыны жіберушілер жағынан, тамақтандыруы ұйымдастырушылар жағынан. Келуі мамыр айының 11 күні сағат 10.00-де.

Положение взято отсюда


Просмотров: 700     
Нравится

Поделиться: Опубликовать в twitter.com



Ожидаемое



Реклама

Павлодарская доска объявлений
Паблик ВК о лучшем городе в мире
Сайт Pavlodar NEWS.KZ

Твиты @pavlentakz